14 қазан күні көшпелі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді

14 қазан күні көшпелі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді
Жәрмеңке
Басталу күні
14-10-2017 14:32
Аяқталу күні
14-10-2017 14:32

Қаламыздың тұрғындары көп шоғырланған аудандарында, сондай-ақ қалаға қарасты ауылдық округтерде әр сенбі сайын көшпелі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу жалғасуда.
Кестеге сәйкес кезекті жәрмеңкелер 14 қазан күні Орталық стадион ауданында, «Алтай», «Аида», «Достан», «Табыс» базарларында және Сазды ауылдық округінде өтеді.
Қала тұрғындарына жәрмеңкелерде тұрақтандыру қорының тауарлары, өңіраралық кооперация шеңберінде басқа өңірлерден жеткізілген тауарлар және өзіміздің жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтарының өнімдері ұсынылады («Айс плюс», «Анвар», «Базарларды басқару», «ЕвразианФудсКорпорейшн», «Рамазан», «Аккус», «Жазык Групп» ЖШС және т.б.).
Жәрмеңкелерде азық-түлік өнімдері базар бағаларынан 10-15 пайызға төмен сатылады. Қала тұрғындарын аталмыш жәрмеңкелерге келіп, қажетті азық-түлік өнімдерін төмен бағамен сатып алуға шақырамыз.

Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі