18-19 наурызда Ақтөбеде Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді
«Қоныс» спорт сарайы алаңында Жәрмеңке
Басталу күні
18-03-2017 07:00
Аяқталу күні
19-03-2017 08:00

Жәрмеңке «Қоныс» спорт сарайы алаңында сағат 8-00 ден басталады.
«Ақтөбе облысындағы Жамбыл облысының күндері» аясында Ақтөбе және Жамбыл облыстарының тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Елбасының жергілікті атқарушы органдарға — ішкі нарықтағы отандық азық-түлік үлесін арттыру және саланың экспорттық әлеуетін арттыру тапсырмасын орындау мақсатында өңіраралық кооперацияны дамыту бойынша Ақтөбе облысы мен Жамбыл облысы арасындағы алдын ала мәліметтер бойынша тауар айналымы өткен жылы 639,7 миллион теңгені құрады.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында ет, сүт және астық кластері, сонымен бірге жылыжай шаруашылықтары құрылып, жұмысын одан әрі дамытып келеді. Облыстың кәсіпорындары өз өндірісі есебінен өнімдерімен облысты қамтамасыз етіп қана қоймай, көрші облыстар мен алыс-жақын шетелдерге де шығарып отыр.

Бұл жұмыстарды одан әрі жүйелендіріп, екі облыс арасында ынтымақтастықты нығайту мақсатында, сонымен бірге өңіраралық кооперацияны дамыту үшін 2017 жылдың 18-19 наурызында 08.00-ден бастап Ақтөбе қаласы «Қоныс» спорт сарайы алаңында Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Жамбылдық тауар өндірушілердің қатысуымен өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне жалпы құны 105,5 миллион теңгені құрайтын 177 тоннадан астам ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылатын болады. Оның ішінде 23 тонна ет (жылқы, шошқа, тауық еттері), 10 тонна шұжық өнімдері, 13 тонна сүт өнімдері, 5 мың дана жұмыртқа, 1,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 6 тонна макарон өнімдері, 10 тонна қант, 0,5 тонна тұз, 7 тонна балық, 2 тонна бал және 80 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар. Сатылатын тауар бағалары нарық бағасынан 10-20 пайызға төмен болады.

Аталмыш жәрмеңкеде Жамбыл облысының 10 ауданы мен 1 облыстық деңгейдегі Тараз қаласынан 90-ға жуық сауда өкілдері, 50-ден астам тауар өндірушілердің өнімдерін ұсыну жоспарлануда.