4 қараша көшпелі ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне шақырамыз

4 қараша көшпелі ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне шақырамыз
Новый ауылдық округінде, Орталық стадион ауданында, «Алтай», «Аида», «Достан» және «Табыс» базарларында өтеді Жәрмеңке
Басталу күні
04-11-2017 08:00
Аяқталу күні
04-11-2017 19:00

Қаламыздың тұрғындары көп шоғырланған аудандарында, сондай-ақ қалаға қарасты ауылдық округтерде әр сенбі сайын көшпелі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу жалғасуда.

Кестеге сәйкес кезекті жәрмеңкелер 4 қараша күні Новый ауылдық округінде, Орталық стадион ауданында, «Алтай», «Аида», «Достан» және «Табыс» базарларында өтеді.

Қала тұрғындарына жәрмеңкелерде өңіраралық кооперация шеңберінде басқа өңірлерден жеткізілген тауарлар және өзіміздің жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтарының өнімдері ұсынылады («Айс плюс», «Анвар», «Базарларды басқару», «Актобе нан», «Рамазан», «Аккус», «Жазык Групп» ЖШС және т.б.).

Жәрмеңкелерде азық-түлік өнімдері базар бағаларынан 10-15 пайызға төмен сатылады. Қала тұрғындарын аталмыш жәрмеңкелерге келіп, қажетті азық-түлік өнімдерін төмен бағамен сатып алуға шақырамыз.
        

Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі