Шалабаева Жұлдыз Бердібекқызы

Азаматтарды қабылдау кестесі
Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі 2
Актөбе қаласы, Алтынсарин көшесі 2

Шалабаева Жулдыз Бердибековна -1982 жылы 29 қаңтарда Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Саралжин жерінде дүниеге келген. 1999 жылы М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды-балалар мектеп-интернатын тамамдаған.

2000-2003 ж.ж. Ақтөбе гуманитарлық колледжінің, бастауыш класс және информатика пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

2003-2006 ж.ж. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының, бастауышта оқытудың әдістемесі факультетін аяқтаған.

2011-2013 ж.ж. «Қайнар» Университетінің, Құқықтану бакалавр академиялық дәрежесі бойынша аяқтады.

2017-2018 ж.ж. «Қайнар» Академиясының Құқық магистрі дәрежесін иеленді.

2003 жылы еңбек жолын №39 орта мектебінде бастауыш класс мұғалімі болып бастап, 2012 жылға дейін атқарды.

2012 – 2014 жылдар аралығында №8 орта мектепте директордың орынбасары қызметін атқарды.

2014-2019 жылдар аралығында қалалық ғылыми – әдістемелік орталығы директорының орынбасары қызметін атқарды.