«Ақтөбе қаласы білім бөлімі» ММ-сі «Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру» бойынша Ақтөбе қаласында 700 балаға арналған конкурс негізінде хабарландыру жариялайды

«Ақтөбе қаласы білім бөлімі» ММ-сі «Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру» бойынша Ақтөбе қаласында 700 балаға арналған конкурс негізінде хабарландыру жариялайды
08.08.2019 Білім

Орта білім беру ұйымы конкурсқа қатысу үшін Ақтөбе қаласы білім бөліміне мынадай құжаттар ұсынады:

1) қосымшаға сәйкес комиссия төрағасының атына жазылған өтініш;

2) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-тармағына сәйкес бекітілген нысан бойынша берілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияның көшірмесі;

3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

4) жарғы көшірмесі;

5) екінші деңгейлі банктерден берілетін қарыздардың болмауы туралы анықтама (еркін нысанда); 

6) Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің «Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» 2018 жылғы 27 ақпандағы №306  бұйрығымен (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша салық төлеушінің есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәлімет.

Конкурсқа қатысушылардың  өтініштерін  қабылдау Ақтөбе қаласы білім бөлімінде жүргізіледі: Ақтөбе қаласы, Алтынсарина көшесі 2,кабинет №61, телефон 41-70-15,41-71-15, түскі үзіліс 12.30-14.00.

Өтініштерді қабылдау мерзімі 2019 жылғы 29 тамызының жергілікті уақытпен сағат 18:30-ға дейін. 

Өтініш үлгісі