Ақтөбеде «Алан» балабақшасы ашылды

Ақтөбеде «Алан» балабақшасы ашылды
04.09.2019 Білім

2019 жылғы 4-қыркүйекте Ақтөбедегі Ақшат елді мекенінде «Алан» балабақшасының салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты мерекеге Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева, Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының әкімі Ә.Әуелбеков қатысты.

Жаң балабақшаның құрылысын жүргізген – жеке кәсіпкер Гүлсана Тасимова. Жаңа үлгіде заман талабына сай салынған балабақша 144 орындыққа белгіленген.

Жалпы алаңы - 1037,8 шаршы метрді құрайды. Балабақшаның құрылысына 120 млн тенге қаражат жұмсалған.

Балабақша 4 топқа есептелінген. Оқу мен тәрбие беретін мектепке дейінгі ұйым, қазіргі заман талабына сай. Балабақшада жатын бөлмелер, ойын бөлмесі, киім киетін бөлме, асхана, кір жуатын бөлме, медициналық кабинет, психолог, логопед, музыка, әдіскер бөлмесі, моториканы дамытуға кабинеттері бар. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай ойыншықтар, жазу- сызу құралдары, саусақпен жұмыс жасайтын құралдар, сондай-ақ тұз шахтасымен жабдықталған.

Балабақша алаңында әр топқа арнайы орналасқан көлеңкелі шатырлар, ойын алаңдары қондырылған. Ғимаратта балалар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін өрт қауіпсіздік қондырғылары автоматты желіде орналасқан. Жаңа балабақша аптасына 5 күндік және 10,5 сағаттық тәртібімен жұмыс жасайтын болады.

«Алан» балабақшасы Ақшат елді мекені тұрғындарының өтініші бойынша салынды, балабақша кезегінде тұрған бүлдіршіндер берілген жолдама  арқылы қабылданады.