Ақтөбеде «Әкеге тағзым» атты батыр әкелерді еске алу кеші ұйымдастырылды

Ақтөбеде «Әкеге тағзым» атты батыр әкелерді еске алу кеші ұйымдастырылды
08.02.2018 Мәдениет және спорт

Бүгін, 2018 жылдың 8-ақпаны күні №21 орта мектеп-гимназиясы базасында Қалалық білім бөліміне қарасты Қалалық ғылыми-әдістемелік Орталығы мен Қалалық жастар ресурстық Орталығы және Ақтөбе қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық саясат жөніндегі комиссиясының қолдауымен «Әке беделі – ұлт абыройы» атты облыстық форум аясында «Әкеге тағзым »атты батыр әкелерді еске алу кеші ұйымдастырылды. 

Кешті «Алты батпан ауырды арқалаған күштімін, жеті батпан ауырды желкелеген күштімін» атты «Ең үздік әке» қалалық байқауының жеңімпазы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университетінің аға оқытушысы  - Бақыт Айшуақ Дәрменұлына жүргізу тапсырылды.

Мақсаты: Қазіргі қоғамда әкелердің бала тәрбиесіндегі маңызын айта отырып, Ұлы Отан соғысында және қазіргі бейбіт өмірде қаза тапқан әкелердің үлесін паш ету. Еш қиындыққа қаймықпай өз өмірлерін қиған ержүректі әкелерді еске алу, есте сақтау, олардан үлгі алуды кеңінен насихаттауға бағыттау.

Кеш барысында  ержүрек, батыр әкелерін мақтанышпен еске алып, әкелеріне деген зор құрметтерін ортаға салып, 6 оқушы қатысым жасап, ой-пікірлерімен бөлісті.

Кеш соңында, Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының және Ақтөбе қаласының жастар ресурстық Орталығы мен Ақтөбе қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық саясат жөніндегі комиссиясының қолдауымен алғыс хаттар мен  естелік сыйлықтар табысталды.