Ақтөбеде жасөспірімдер мен оқушылар арасындағы құқық бұзушылық туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ақтөбеде жасөспірімдер мен оқушылар арасындағы құқық бұзушылық туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді
07.02.2019 Білім

2019 жылғы 7 ақпанда «№56 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-де «Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары» тақырыбында қалалық жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналысқа қаладағы мектептердің ата-аналары, Ақтөбе қаласы әкімдігі өкілдері, жалпы білім беретін білім мекемелерінің директорлары, Қамқоршылық кеңес мүшелері қатысты.

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов сөйлеген сөзінде қазіргі уақытта бала тәрбиесінің табысты болуы әуелі ата-аналардың отбасындағы тәрбиесіне, педагогтардың тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне және олардың өзара ынтымақтастығына және мақсаттар  бірлігіне байланысты екенін, бұл бағытта біраз жұмыстарды бірлесе атқару керектігін айтты.

«Бала – болашағымыз. Балаларымызды қалай тәрбиелесек, болашағымыз да солай болмақ. Келешекте балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда», - деді қала әкімі Ілияс Сапарбекұлы өз сөзінде.
Жиналыста «Қылмыс пен Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың жағдайы және оның алдын алу бойынша жасалынып жатқан шаралар» тақырыбында Ақтөбе қаласы ПБ  бастығының орынбасары, полиция полковнигі ОрналыӘбдіғали және  ардагер педагог, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі, №18 ОМ қамқоршылық кеңесінің төрағасы, белсенді қоғам қайраткері, ақын  Серікбай Қайдасов ата –аналарға Үндеу жолдады.

Жиналыс барасында барлық оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын үйлестіру бойынша жұмыстардың жүргізілуі туралы мәселелер қозғалды.