Біздің зейнетақы жинақтарымыздың жағдайы қандай?
22.05.2020 Білім

Біздің зейнетақы жинақтарымыздың жағдайы қандай?


Бүгін біз оқырмандардың назарын азаматтарымыздың зейнетақы жинақтарына қатысты ең маңызды мәселелерге аударғымыз келеді.
Біріншісі: зейнетақы жинақтары – салымшының меншігі, оның сақталуына мемлекет кепілдік береді. Оған салымшының еркінен тыс ешкім билік жүргізе алмайды, яғни үшінші тұлғаларға немесе мақсатқа сай келмейтін басқа да төлемдер жасай алмайды.
Екінші: жинақтар үздіксіз инвестицияланады, яғни олар «тұрған жоқ», салымшыға «жұмыс істеуде». ҚР Ұлттық Банкі зейнетақы активтерін инвестициялайды. Инвестициялаудың басты қағидаты - бұл олардың сақталуы, яғни қандай да бір себептермен оларды жоғалту тәуекелін азайту. Зейнетақы жинақтары тұрақты пайда әкеліп, қамсыз қарттықты қамтамасыз ету үшін көбейіп отыруы тиіс.
Үшіншісі: барлық зейнетақы жинақтарының басым бөлігі әрбір салымшының шотына күнделікті есептелетін инвестициялық табыстан тұрады және кез келген салымшы БЖЗҚ мобильдік қосымшасы немесе БЖЗҚ сайтындағы өзінің жеке кабинеті арқылы өз жинақтарын «24/7» бақылай алады.


#БЖЗҚ #ENPFKZ #ЗейнетақыҚоры #ЗейнетақыЖинақтары