Бүгін, «Достық» әскери-спорттық сауықтандыру лагерінде Ақтөбе қаласының жалпыға бірдей білім беретін мектептерінің 2017-2018 жылғы оқу-далалық жиынының ашылу салтанаты өтті

 Бүгін, «Достық»  әскери-спорттық сауықтандыру лагерінде Ақтөбе қаласының жалпыға бірдей білім беретін мектептерінің 2017-2018 жылғы оқу-далалық жиынының ашылу салтанаты өтті
11.05.2018 Білім

Бүгін, «Достық»  әскери-спорттық сауықтандыру лагерінде Ақтөбе қаласының жалпыға бірдей білім беретін мектептерінің 10 класс оқушыларының қатысуымен  2017-2018 жылғы оқу-далалық жиынының ашылу салтанаты өтті. Екі ауысымдық оқу-далалық жиынына 10-13 мамыр және 14-17 мамыр аралығында 1184 оқушы ер балалар қатыстырылады (10-13 мамыр аралығында – 601 оқушы және 14-17 мамыр аралығында – 583 оқушы).
Медициналық даярлық сабақтарына 1464 қыз бала және денсаулығына байланысты оқу-далалық жиынынан босатылған 167 ер бала қатыстырылады. Медициналық – даярлық сабақтары мектептердің өз базаларында ұйымдастырылады. 
Оқу далалық жиыны кезіндегі әскери-спорттық сауықтандыру лагерінің уақытша басшы құрамы жасақталды. Әскери-спорттық лагерінің бастығы міндеті ҚББ  ҚҒӘО  АӘД пәні әдіскері капитан  С.Сражға жүктелді. 
Сонымен қатар әскери жетекшілер құрамынан батальон, рота, взвод командирлері тағайындалды. 

Жиынның 1-күні оқу-далалық жиынының салтанатты ашылуы және тактикалық дайындық тарауы бойынша сабақтар өткізіледі. 
2-күн.  Атыс даярлығына тарауына сәйкес Калашников автоматынан атыс жүргізіледі.  
3-күн. Азаматтық қорғаныс тарауы бойынша және әскери қызмет негіздеріне сәйкес сабақтар өткізіледі. 
4-күн. Әскери топография тарауына сәйкес сабақтар және оқу-далалық жиынының салтанатты жабылуы өткізіледі.

Оқу-далалық жиыны кезінде АӘД пәнінің бағдарламасына сәйкес әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар өткізіледі. Бұл жарыстарды қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімі ұйымдастырады:
1) 1000 метрге жүгіру; 
2) Биік кермеге тартылу; 
3) Пневматикалық винтовкадан оқ ату.

Медициналық-санитарлық даярлық сабақтарының ұйымдастыру мақсатында 10-класс оқушылары қыз балаларымен және денсаулығы бойынша оқу-далалық жиынынан босатылған ер балалармен ұйымдастырылатын медициналық-санитарлық даярлық сабақтары мектептердің өз базаларында мектептің медициналық қызметкерлерінің күштерімен ұйымдастырылады.