Қала әкімі мұғалімдерді құттықтады
02.10.2020 Білім

Қазақстанда білім саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні қазан айының бірінші жексенбісінде атап өтіледі.
Бүгін қала әкімі Асхат Шахаров педагогтарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Салтанатты шара аясында 21 мұғалім Ақтөбе қаласы әкімінің сыйлығына ие болды.
Асхат Шахаров құттықтауында білім беру сапасына ерекше көңіл бөлінетінін, жалпы білім беруді дамытуды, педагог кадрларды қолдауды көздейтін мемлекеттік бағдарлама жұмыс істейтінін атап өтті. Мектептер жөнделуде және салынуда, оқу орындары жаңғыртылуда.
Сондай-ақ, қала әкімі өз сөзінде Ақтөбе қаласының білім беру жүйесін дамытуға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге баға жетпес үлес қосқан педагогика саласының ардагерлеріне ерекше алғысын білдірді.