Қалалық білім беру мекемелері "Игі іс дүкені" қайырымдылық жобасына қатысуда

Қалалық білім беру мекемелері "Игі іс дүкені" қайырымдылық жобасына қатысуда
22.01.2018 Қоғам

«Қайырымдылық ісі» дүкені Қазақстанның іскер әйелдер Ассоциациясының қолдауымен мұқтаж адамдарға көмектесу мақсатында ашылған. Дүкенде қазіргі таңда аз қамтылған, көп балалы отбасына және өте мұқтаж жандардарға көптеген заттар түрі бар, олар өздерінің отбасы мүшелеріне маусымдық киімдер мен аяқ-киім, тағы басқа киім түрлерін тегін ала алады. 

 

Қалалық білім беру мекемелері "Игі іс дүкені" қайырымдылық жобасына қатысуда

 

Қазіргі таңда «Қайырымдылық ісі» дүкені екі жылға жуық жұмыс жасап, мыңдаған отбасыға көмек беріп келеді.

Ақтөбе қаласының білім бөлімі Қазақстанның іскер әйелдер Ассоциациясының бастауын қолдап, екі жыл қатарынан «Игі іс» акциясын ұйымдастырып келеді. Бұл акцияға белсенді түрде білім беру ұйымдарынан 77 мектеп және 51 мектепке дейінгі мекеменің педагогтары және осы мәселеге немқұрайлы қарамайтын жандар, оның ішінде тәрбиеленушілер, ата-аналар мен қызметкерлер қатысуда. Аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына және өте мұқтаж жандарға көмек көрсетеді.

«Қайырымдылық ісі» дүкененіне маусымдық киімдер, аяқ-киім, балалар киімі мен төсек орын жабдықтары және жылы көрпелер, балаларға арналған арбалар мен жұмсақ ойыншықтар, қабылдайды. Алдағы уақытта қолдану үшін қабылданатын заттар жағдайы жақсы, жуылған, таза күйінде болуы қажет. 

 

Қалалық білім беру мекемелері "Игі іс дүкені" қайырымдылық жобасына қатысуда

 

«Игі іс» акциясы 2018 жылдың 22 қантар 07 ақпан аралығында өтеді. Киімдер аталған мекен-жайлардағы дүкендерде қабылданады: «Алтай» базары (1 қабаты, 21 бутик) және «Шығыс» базары (0 қабат, 2 блок, 38А секция) қабылданады. 

Қалалық білім бөлімі