Қан тапсырып, өзгеге үміт сыйла!

Қан тапсырып, өзгеге үміт сыйла!
16.10.2019 Жалпы

Ақтөбеде осындай атаумен акция өтуде. Оған колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысып жатыр. Аптаның соңына дейін барлығы 500 ге жуық адам қан тапсыруы тиіс. Қан орталығына өз еркімен қан тапсырып, ол үшін бір тиын да ақы алмайтын, талай адамды ажал аузынан арашалап алуға септігін тигізіп жүрген жастар жиналды. Арасында тұрақты донорлар мен алғаш рет келгендері де бар. Барлығының ниеті бір-мұқтаж жандарға қол ұшын созу.Дәрігерлер жастарға қан тапсырудың денсаулыққа пайдасы жайлы ақпарат берді. Әр донорға мұнда ыстық шай мен тәттілер дайындалған. Акцияның өтуіне қалалық жастар ресурстық орталығы мұрындық болып отыр. Былтыр шара аясында 300 адам қан тапсырса, биыл облыс бойынша 500 жас атсалысады деген жоспар бар. Жастардың қатысуымен осындай игі шара жжылына екі рет ұйымдастырылып тұрады. Тұрақты донорлардың саны 5000 ға жуық.Ақтөбеде қанның қажеттілігі күннен күнге өсіп отыр. Сондықтан, донорлар тапсырып жатқан бір тамшы қанның өзі маңызды. Тәулік сайын 100 доза қан жергілікті ауруханаларға жіберіліп отырады. Жол-көлік апаты, күрделі оталар кезінде немесе босану бөлімшелерінен сұраныс көп.Облыстық қан орталығының қорында қазір 4000 ға жуық доза сақтаулы.

https://www.youtube.com/watch?v=EJff6AsDh7w