ҚР Конституциясы күніне орай Ақтөбенің екі бірдей елдімекенінде мектептер пайдалануға берілді

ҚР Конституциясы күніне орай Ақтөбенің екі бірдей елдімекенінде мектептер пайдалануға берілді
29.08.2019 Білім

Бейсенбі, 29 тамыз күні  Украинка және  Бекқұл баба елдімекендерінде жаңа мектептер пайдалануға берілді. Қос бірдей білім ошағының ашылуына облыс басшысы арнайы қатысып, мектептің ашылуымен құттықтады.

"Президент білім саласында алдымызға  үлкен мақсаттар мен міндеттер жүктеді, сол тапсырмаларды орындау арқылы біз балаларымызға қолайлы жағдай жасап болашақтарынан үлкен үміт күтеміз. Баршаңызды жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтаймын",-деді Оңдасын Оразалин.

Украинка елдімекенінде ашылған №75 мектеп  заман талабына сай, қажетті жабдықтармен қамтылған.Сыйымдылығы – 300 орынға  арналған. 11 сыныптық ,1 мектеп  алды даярлық .Сыныптың сыйымдылығы   -  25 оқушыға арналған. Спорт залы, асхана, қыздар және ұлдарға арналған шеберхана сыныбы, шомылу бөлмелеріне дейін салынған.

Бекқұл баба еллімекеніндегі №76 жалпы білім беру орта мектебі де 300 орынға арналған,  соңғы үлгіде бой көтерген. Қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Аймақ басшысы мектеп ішін аралап, оқу сыныптарын көрді. Аталған мектептердің пайдалануға берілуі сол маңдағы тұрғындар үшін аса қуанышты жағдай болып отыр. Себебі, осы уақытқа дейін оқушылар шалғайдағы мектептерге барып сабылатын. Әсіресе бұл қыс мезгілдерінде қиындық туғызатын.

Украинка мен Бекқұлдық балалар енді жаңа оқу жылын жаңа мектепте қарсы алатын болады.