МАЛАЙЗИЯ ЗЕЙНЕТАҚЫ КОРЫ ТУРАЛЫ 5 ДӘЙЕК
22.05.2020 Білім

МАЛАЙЗИЯ ЗЕЙНЕТАҚЫ КОРЫ ТУРАЛЫ 5 ДӘЙЕК


1. Малайзия зейнетақы қоры 1951 жылы құрылған және әлемдегі ең көне зейнетақы қорларының бірі болып табылады.
2. Міндетті зейнетақы жарналарын жұмысшылар (11%) және жұмыс берушілер (12% -13%) төлейді.
3. Салымшының зейнетақы жарналары екі шотқа бөлінеді. Бірінші шотқа жалпы жарнаның 70%, екіншісіне 30% аударылады. Осылайша, бірінші шот зейнетақы капиталын құрайды, ал екіншісі 50 жасқа толған кезде салымшының өмір сүру жағдайын жақсарту үшін қолданылады.
4. Жинақтауды зейнеткерлік жасқа жеткенде ғана алуға болады (2013 жылдан бастап зейнетке шығу жасы 55-тен 60 жасқа дейін көтерілді).
5. Салымшылар зейнетақы шотынан жинақтарды келесі форматта ала алады: толық сома; соманың және/немесе ай сайынғы төлемдердің бөлігі; немесе тек дивидендтер алу.


#БЖЗҚ #ENPFKZ #ЗейнетақыҚоры #ӘлемніңЗейнетақыЖүйелері


 
ЖАУАП: Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы төлемдерін алу үшін:
- заңда белгіленген тәртіппен ҚР аумағынан тұрақты тұруға шығуды рәсімдеу (ҚР азаматтығын жоғалтумен шатастырмаңыз), құжаттарды egov.kz порталы арқылы өткізуге болады;
- БЖЗҚ құжаттар пакетін пошта арқылы немесе сенім жүктелген тұлға арқылы ұсыну. Құжаттар 10 күн ішінде қаралады.
Төлем валютасының түріне, сенімхат үлгілеріне байланысты құжаттардың толық пакетін, оларды ресімдеуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ өтініш нысандары мен оларды толтыру үлгілерін «БЖЗҚ» АҚ ресми сайтында «Қызметтер» бөлімінде табуға болады.
Назар аударыңыз, қазіргі уақытта жарамды мерзімі бар өзіңіз тұратын елдің шетелдік төлқұжатының көшірмесі қажет. Нотариус үзіндіні емес, құжаттың көшірмесін куәландыру керек.
enpf.kz сайтында «Электрондық қызмет көрсету» бөлімінде құжаттардың дұрыстығын алдын ала тексеруге болады.


#БЖЗҚ #ENPFKZ #ЗейнетақыҚоры #ТұрақтыТұруғаҚонысАудару