СҰРАҚ - ЖАУАП

СҰРАҚ - ЖАУАП
23.07.2019 Білім

Жауап: Қайырлы күн, құрметті салымшы! БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алудың бірнеше жағдайлары бар:
⠀⠀
Егер БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар Қазақстан азаматы басқа мемлекетке тұрақты тұруға көшсе, азаматтығын ауыстырса немесе азаматтығы жоқ тұлға болып табылса (тиісті құжаттарды алса) және белгіленген тәртіппен ҚР аумағынан тыс тұрақты жерге кетуге рұқсатты ресімдесе, онда қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алуға құқығы бар.
⠀⠀
2017 жылғы 16 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 27.12.2016 № 862 «ҚР Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес БЖЗҚ Республиканың мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелері арқылы, атап айтқанда ҚР Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік деректер қоры (ЖТ МДҚ) арқылы ҚР шегінен тыс жерлерге ТМК-ге шығуды ресімдеу фактісін тексереді.
⠀⠀
Сонымен қатар, зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін жеткілікті жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы болған кезде ерлер 55 жастан бастап және әйелдер 2019 жылы 51 жастан бастап (бірте-бірте әйелдер жасы 2027 жылға дейін 55 жасқа  артады) сақтандыру ұйымдары арқылы ай сайынғы өмір бойы зейнетақы төлемдерін ала алады. Сақтандыру компаниясына жинақты аудару үшін жеткілікті соманы www.enpf.kz сайтындағы «Электрондық қызмет көрсету - зейнетақы калькуляторы» бөліміндегі калькулятор көмегімен есептеуге болады (https://www.enpf.kz/ru/elektronnye-servisy/calcInsurance/calc.php).