Зейнетақы жинақтарының жай-күйін egov порталында sms-хабарламаның көмегімен білуге болады

Зейнетақы жинақтарының жай-күйін egov порталында sms-хабарламаның көмегімен білуге болады
11.07.2019 Білім

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

        Зейнетақы жинақтарының жай-күйін egov порталында sms-хабарламаның көмегімен білуге болады 


«БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2018 жылғы 11 қарашадағы №288 Қаулысының күшіне енетіндігін       хабарлайды. Соған сәйкес «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық табысты ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі электрондық үкімет порталында енді электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегінсіз де қолжетімді болады.    
Бүгінде зейнетақы жинақтарының жай-күйін мынадай тәсілдермен білуге болатындығын еске саламыз. Олар: 
1)    БЖЗҚ кеңсесіне тікелей келіп өтініш жасау;
2)    дәстүрлі пошта байланысы; 
3)    электрондық тәсіл, оның ішінде:
–    БЖЗҚ-ға ұсынылған жеке электрондық мекенжай;
–    логин және пароль (құпия сөз) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, БЖЗҚ порталындағы жеке кабинет;
–    электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет арқылы.
          Айта кетелік, соңғы хабарлау тәсілін қолдану үшін тек электрондық цифрлық қолтаңба қажет болатын. Енді 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап кез келген салымшы (алушы) бір реттік sms-парольді қолдана отырып, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме ала алады. Бұл үшін салымшы (алушы) электрондық үкімет порталының жеке кабинетінде тіркеліп, үзінді көшірме алуға сауал жолдайды. Содан кейін mGov мобильдік азаматтар базасында тіркелген салымшының (алушының) ұялы телефонына бір реттік sms-пароль жіберіледі.       
Атап өту керек, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені электрондық тәсілмен алған өте ыңғайлы. Бұл зейнетақы жинақтары туралы маңызды ақпараттарды 24/7 режимінде алуға мүмкіндік береді.  
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы 
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

 

 

Салымшыларға ақпарат беру тәсілдері

«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы шотынан үзінді көшірме алудың бірнеше тәсілі бар екендігі туралы тағы да салымшылар мен алушылардың есіне салады. Бұл заң жүзінде бекітілген құқық және оны Қор кеңсесіне келу, дәстүрлі пошта немесе электрондық тәсіл арқылы жүзеге асыруға болады. 
Электрондық тәсілдің бірнеше нұсқасы бар: 
– БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық пошта арқылы. Бұл жағдайда салымшы (алушы) зейнетақы шоты бойынша үзінді көшірмені электрондық пошта арқылы өзі таңдаған кесте бойынша: ай сайын, үш ай сайын, алты ай сайын немесе жыл сайын алады;
– электрондық цифрлық қолтаңба немесе логин мен құпиясөзді қолдана отырып, Қор сайтының Жеке кабинеті арқылы алу;
– электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен электрондық үкімет порталының   Жеке кабинеті арқылы алу. Бұл ретте бір реттік sms-парольді де пайдалануға болады. Ол үшін салымшы (алушы) электрондық үкімет порталының Жеке кабинетінде тіркеліп, үзінді көшірме алуға сауал жолдайды. Сонда оның ұялы телефонына бір реттік sms-пароль жіберіледі. 
          egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы мәліметтер алу үшін салымшылар осы сайттың «Азаматтар» санатына кіріп, «Әлеуметтік қамтамасыз ету» айдарын таңдайды. Одан әрі «Зейнетақымен қамтамасыз ету» бөлімінде қажетті ақпаратты алуға қол жеткізеді.     
Зейнетақы шотынан ақпарат алу тәсілін мүлдем таңдамаған салымшыларға үзінді көшірме оған Қор кеңсесіне өздері келіп сұраған жағдайда ғана беріледі. Ақпарат алу тәсілін таңдау үшін салымшы (алушы) Қор кеңсесіне жеке басын куәландыратын куәлігін алып келеді. Бұл жерде хабарлау тәсілін өзгерту/анықтау туралы қосымша келісімге қол қояды. Кейін Қор мамандары ЖСН мен құпиясөздің көмегімен enpf.kz сайтының Жеке кабинетінде тіркелуге көмектеседі.   
Егер электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) өзекті кілті болса, Қор кеңсесіне келмей-ақ, оның сайтының Жеке кабинетінде зейнетақы шотынан ақпарат алу тәсілін таңдауға және өзгертуге болады. Сондай-ақ Қор сайтының Жеке кабинетінде зейнетақы жинақтарыңыз бен есептелген инвестициялық табыстардың көлемін және зейнеткерлік жасқа толуға қанша уақыт қалғанын біле аласыз. 
ЭЦҚ және ЖСН мен құпиясөзді қалта телефонындағы ENPF ұялы қосымшасына кіру үшін де қолдануға болады. Қосымшаны Android және IOS базасында жұмыс істейтін кез келген смартфон мен планшетке тегін жүктей аласыз. Ол қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді. Ұялы қосымшадан шотыңыздың жай-күйін, зейнетақы жүйесіндегі өзгерістерді білуге, Қордың жергілікті кеңселерінің мекенжайларын көруге және Қордың байланыс орталығына хабарласуға болады. Бұл қызмет салымшыларға өздерінің зейнетақы жинақтарының жай-күйін аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат бойы бақылауға мүмкіндік береді. 
Бүгінде Қордың ұялы қосымшасы қазақстандықтар арасында өте танымал болуда. Ал заманауи байланыс құралдарын пайдалана алмайтындардың зейнетақы шоты бойынша үзінді көшірмені пошта байланысы арқылы жылына бір рет алып тұруға мүмкіндіктері бар. Мекенжай өзгерген жағдайда бұл туралы Қорға міндетті түрде хабарлау қажет. Егер бұлай жасалсмаса БЖЗҚ алдағы уақытта зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты жібермеуге құқылы. Сонымен қатар БЖЗҚ зейнетақы шоттарында жинақтары жоқ салымшыларға да үзінді көшірме жібермейді.  

 

                                       
Салымшылардың алтын уақыты үнемделеді

БЖЗҚ жоғары технологиялық байланыс құралдарының көмегімен қашықтан байланыс жасау арналарын дамытып жатыр. Бұл қазіргі өркениеттің қарыштап дамып жатқан кезеңінде өте маңызды екені сөзсіз. 
Интернет – белсенді қолжетімділік құралы, ал ұялы қосымша – ақпарат алудың заманауи тәсілі. Қазіргі уақытта олар көпшілік салымшылар үшін ең сұранысқа ие қызметтердің біріне айналған. 
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) мен құпиясөз немесе электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы кез келген уақытта www.enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетке кіріп, зейнетақы жинақтарының жай-күйін, табыстылығын көруге болады. ЖСН мен құпиясөз және ЭЦҚ ұялы телефонға жүктелген ENPF ұялы қосымшасында авторлану үшін де қолданылады. Ұялы қосымшаны Android және iOS базасында жұмыс істейтін кез келген смартфон немесе планшетке тегін жүктеп алуға болады. Пайдаланушыларға ыңғайлы болуы үшін бұл қызмет қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді. Салымшылар ENPF ұялы қосымшасы арқылы: зейнетақы шоттарының жай-күйін, зейнетақы жинақтарын төлеу жөніндегі өтініштің орындалу барысын, зейнетақы жүйесіндегі барлық өзгерістерді, Қордың жақын жердегі кеңсесінің мекенжайын анықтап, байланыс орталығына хабарласа алады. 
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Қор қызметі туралы барлық сұрақтар бойынша жауап алу үшін БЖЗҚ байланыс орталығына 1418 нөмірі бойынша хабарласуға болады (Қазақстан бойынша телефон шалу тегін). Ағымдағы жылдың 5 айы ішінде Қор операторлары 171 290 қоңырауға жауап берген. 
Қор сайты арқылы тиісті нысанды толтырып, кері қоңырау шалуға тапсырыс беруге болады. Қор мамандары өтініште көрсетілген уақытта хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді. Бұдан басқа Қор сайты арқылы жазбаша түрде сұрақ қойып, жауап алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ онлайн кеңес беруші қызметі арқылы да онлайн тәртібінде ақыл-кеңес алуға  болады. 
Жоғарыда аталған байланыс арналарынан бөлек, «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрмановтың жеке блогы үлкен танымалдыққа ие. Сол арқылы салымшылар Қор басшысына тікелей хабарласып, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Қор қызметі туралы өздерін толғандырған барлық сұрақтар бойынша жан-жақты жауаптар ала алады. 
2019 жылдың қаңтар-мамырында осы блог арқылы 114 сұраққа жауап берілді. Ақпараттардың толыққандылығы және ашықтығы БЖЗҚ-ға деген сенімді арттыра түседі. 
What’s Арp сервисі арқылы +7 777 000 1418 нөмірі бойынша Қор маманына хабарласып, өзіңізді қызықтырған ақпаратты ала аласыз. 
Telegram-bot қызметі де салымшылар арасында сұранысқа ие болып отыр. Сол арқылы зейнетақы шотыңыздан кішігірім үзінді көшірме алып, оны электронды поштаңызға жібере аласыз. Айтпақшы, осы сервистің көмегімен Жеке кабинетке арналған пароліңізді қалпына келтіріп, Қордың маңызды жаңалықтарымен және ағымдағы көрсеткіштерімен танысып, жақын маңдағы кеңсесінің мекенжайын анықтауға болады.   
Қашықтан байланысу арналарын дамыту уақытты үнемдеп қана қоймай, сонымен қатар қазіргі жастарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тартуға септігін тигізеді. Ал олар әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушылары екені белгілі. Сәйкесінше Қордың «Одноклассники», «Facebook», «В контакте», «Twitter» және «Instagram» әлеуметтік желілерінде ресми парақшалары жұмыс істейді. 2019 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша оларға жазылушылардың жалпы саны 38 мыңнан асты. 
Осылайша Қордың қашықтықтан байланыс жасау арналарын пайдалана отырып, салымшылар мен алушылардың жинақтары туралы мәліметтерді қоспағанда, БЖЗҚ қызметтері мен жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ақпараттар және ақыл-кеңестер алуға болады. Бұл ретте салымшылар мен алушылардың жинақтары туралы мәліметтер құпия болып саналатындықтан, оны Жеке кабинет арқылы ЭЦҚ немесе ЖСН және құпиясөздің көмегімен анықтауға болады.