Зейнетақы жүйесінің түрлері
03.02.2020 Білім

АҚИҚАТ


БЖЗҚ өз тарапынан комиссия алмайды. Салық Кодексіне сәйкес БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері түріндегі кірістерге 10% мөлшерінде жеке табыс салығы салынады.
 

Зейнетақы жүйесінің түрлері


Әлемде зейнетақы принциптерінің негізінде қаржыландырудың екі классикалық түрі бар: үйлестіруші және жинақтаушы.Үйлестіруші зейнетақы жүйесі зейнеткерлерге қызметкерлердің ағымдағы кірістері есебінен, яғни бюджетке ағымдағы салық түсімдері есебінен төлемдер кіреді.Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде жұмыс істеуші буын төлем аударып отырады, олар жинақталып, инвестициялық табыс есебінен ұлғайып, кейін жинағы бар тұлғаларға төленеді.

 

Әлемнің зейнетақы жүйелері: Италия


Италияда ерлер мен әйелдер бірдей жаста 66 жастан 7 айға дейін зейнетке шығады. Осы уақытқа дейін олар сақтандыру жарналарын 20 жыл бойы төлеуі керек. Заңнама оларға әйелдерде 41 жыл 10 ай және ер адамдарда 42 жыл 10 ай еңбек өтілі болған жағдайда ертерек зейнетке шығуға мүмкіндік береді.