«Бақытты бала – Мәңгілік ел кепілі» жобасы аясында №39 «Достық» МДҰ - да «Ашық есік күні» өтуде

16.04.2018 Бақытты бала

Ақтөбе қаласы, Қалалық білім бөліміне қарасты №39 «Достық» МДҰ - да «Бақытты бала – Мәңгілік ел кепілі» жобасы аясында ата-аналарға 16-26 сәуір аралығында «Ашық есік күні» өтуде. Ата-аналар мен балабақша арасындағы ынтымақтасты қарым-қатынас, бала тәрбиесі жөнінде, оқу жылындағы алған оқу-тәрбие жұмыстарын көрсету мақсатындағы  шаралар ұйымдастырылып өтуде.

Мини теннистен қалалық турнирге «Бәйтерек», «Қызғалдақ» мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілері қатысып алғыс хаттармен марапатталды. Дене шынықтыру жетекшісі А.Б.Телгарин теннис инструкторлары арасындағы турнирде 1 орын алды.

Қалалық ағылшын тілінен «Joy English» байқауына Г.С.Бахманова   мектепалды даярлау топ тәрбиеленушілерін қатыстырып, «Актерлік ұстамдылық» номинациясымен марапатталды. Мюзикл жанрындағы ағылшын тіліндегі қойылымға  22 тәрбиеленуші қатысты.

"Бақытты бала""Бақытты бала"


 

"Бақытты бала""Бақытты бала""Бақытты бала""Бақытты бала""Бақытты бала"