«Бар мейірім – балаларға» атты қайырымдылық шарасы өтті

13.04.2018 Бақытты бала

Облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың «Бақытты бала» жобасы аясында Ақтөбе қалалық білім бөліміне қарасты №47 ЖББОМ де 13.04.2018 ж «Бар мейірім – балаларға» атты аз қамтылған және көп балалы отбасы санатындағы оқушыларға арналған қайырымдылық шарасы өткізіліп дастархан жайылды. Мақсаты оқушыларға көтеріңкі көңіл -күй сыйлау және қолдау көрсету.Мектепе директоры  Т.У.Абдиева «Бақытты бала» тақырыбында мазмұнды баяндама дайындап , аталған акция барысында жасалып жатқан  іс- шараларға тоқталып өтті.Әсем әуен,жылы лебіз мың бұралған би үйлесім тауып , бүлдіршіндердің көңілін жадыратты.Әзілге құқрылған ойын түрлері арқылы  қатысушылардың белсенділігін арттырды.Шара соңында ата-аналар мен ұстаздар қауымы өз лебізін жеткізіп алғыс білдірді. Қайырымдылық шарасы мектеп қабырғасында жалғасын табуда.

"Бақытты бала""Бақытты бала""Бақытты бала""Бақытты бала""Бақытты бала"