Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

01.06.2018 Жемқорлыққа қарсы күрес

Билік органдарының қоғам алдындағы есептігі және мемлекеттік қызметтердің ашықтығы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді әрі жүйелі болуын қамтамасыз етеді. Бұған «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» қабылданған Заң және 5 порталдан тұратын азаматтарға үйден шықпай-ақ бюджеттік шығындарды қадағалауға, жобалық нормативтік құжаттарды талқылауға қатысуға, онлайн кеңестер алып, шағым жасауға және мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін «Ашық үкімет» электронды порталы себеп болады.