Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру (бейнематериалдар)

01.06.2018 Жемқорлыққа қарсы күрес

2018 жылдың 10 қаңтарында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдауы жарияланды.
Жолдауда Елбасының  назар аударған міндеттердің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және заң үстемдігі. Елбасы сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздіктің тікелей қаупіне жатқызып, мемлекет пен қоғамды осы жағымсыз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды.