«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ балалардың құқығын қорғау секторының бас маманы (№05-3), Е-R-4 санаты, 1 бірлік. 

Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-R-4
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 73288 — 99106

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353,  e-mail: S.Aitbaeva@aktobe.gov.kz, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  орналасуға жалпы конкурс жариялайды: 

«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ балалардың құқығын қорғау секторының бас маманы (№05-3), Е-R-4 санаты, 1 бірлік. 
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден  99106 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: ата-анасының қамқорысыз қалған балалардың есебін жүргізу және бақылау, бала мүддесін қорғауды қамтамасыз ету, қамқоршылар мен қорғаншылар әрекетін бақылауды жүзеге асыру, ата-аналар құқығынан айыруға немесе шектеуге, асырап алудың жарамсыздығын алып тастау немесе мақұлдауға байланысты істер қаралған кезде сотқа қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары педагогикалық, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі барларға рұқсат етіледі.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар

Қосымшалар (қазақ және орыс тілдерінде)

Кандидаттарды іріктеу нәтижелері
12.11.2019
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі
07.02.2018