«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ есеп және есеп жүргізу секторының бас маманы (№04-1), Е-R-4 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-R-1
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 73288 — 99106

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353, e-mail: S.Aitbaeva@aktobe.gov.kz, мемлекеттік қызметшілер арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

«Ақтөбе қаласының білім бөлімі»  ММ есеп және есеп жүргізу секторының бас маманы (№04-1), Е-R-4 санаты, 1 бірлік. 
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден  99106 теңгеге дейін.


Функционалдық міндеттері: мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлерінің тарификациясын тексеру, қаржы жылына мектепке дейінгі мекемелер бойынша бюджеттік сұраныс құрастыруға қатысу, барлық мектепке дейінгі мекемелер бойынша жинақтық есеп жасау.
 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары экономикалық (қаржылық, бухгалтерлік, экономика), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік экономикалық (қаржылық, бухгалтерлік, экономика) білімі барларға рұқсат етіледі.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (қазақ және орыс тілдерінде)

Қосымшаларды жүктеу (қазақ және орыс тілдерінде)

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі
29.01.2018