«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ есеп және есеп жүргізу секторының бас маманы (№04-3), Е-R-4 санаты, 1 бірлік. 

Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-R-4
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 73288 — 99106

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға 
орналасуға жалпы конкурс (екінші ішкі конкурсы өткізілмеген) туралы хабарландыру

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353, e-mail: S.Aitbaeva@aktobe.gov.kz, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  орналасуға жалпы конкурс жариялайды: 

«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ есеп және есеп жүргізу секторының бас маманы (№04-3), Е-R-4 санаты, 1 бірлік. 
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден  99106 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
мемлекеттік сатып алуларды өткізу, жоғарғы орган құжаттарының орындалуын бақылау, білім мекемелерінің мемлекеттік тіркеу, лицензиялау материалдарын дайындау. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары құқық (құқықтану), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік құқық (құқықтану), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы) білімі барларға рұқсат етіледі.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар және қосымшалар

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі
19.07.2018