«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ орта және мектепке дейінгі білім беру секторының жетекші маманы (№03-5), Е-R-5 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік қызметшінің санаты E-R-5
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 64960 — 88279

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға 
орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353, e-mail: S.Aitbaeva@aktobe.gov.kz, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына  орналасуға жалпы конкурс жариялайды: 

«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ орта және мектепке дейінгі білім беру секторының жетекші маманы (№03-5), Е-R-5 санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 64960 теңгеден 88279 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу, басшының шешімдерін және тапсырған тапсырмаларының орындалуын қадағалау, бөлім басшысының қабылдауында болған азаматтарды тіркеу, бақылау карточкаларын есебін жүргізу, хаттарды көрсетілген мекен-жайға жеткізу жұмыстарын орындалуын бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  педагогикалық білімі барларға рұқсат етіледі.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар және қосымшалар

Кандидаттарды іріктеу нәтижелері
12.11.2019
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі
06.04.2018